Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов (7 наурыз 1966, Алматы) — қазақстандық дипломат, елші, экономист, Қазпошта төрағасы (2000—2006, 2011—2013). Экономика ғылымдарының докторы және II дәрежелі Төтенше және Өкілетті уәкіл.

Өмірбаяны

1966 жылы 7 наурызда Алматыда дүниеге келді.

Білімі

1988 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін “экономист” мамандығы бойынша тәмамдады. Одан бөлек, Джавахарлал Неру және Қазан университеттерінде тәжірибеден өтті. 2004 жылы “Қазақстанның қаржы-банк қызметтері нарығындағы пошта-жинақ жүйесі: реформалау теориясы, әдіснамасы және практикасы” тақырыбында жоба қорғап экономика ғылымдарының докторы атанды.

Мансабы

Жеке өмірі

Үйленген, әйелі Индира Сәбитқызы Бабаева (1967 туған) экономика ғылымдарының кандидаты. Балалары: 2 қызы — Азиза Арыстан мен Женева Арыстан (1998 туған). Қызы Женева 2024 жылы жазда тұрмысқа шықты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Әкесі Кеңесбек Арыстанұлы Арыстанов геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент; анасы Күләнда Хәкімжанқызы Хәкімжанова медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбектері

  • “Қаржы-банк қызметтері нарығындағы Қазақстанның пошталық жинақ жүйесі” монографиясы (2010);
  • «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» монографиясы (2010);
  • “Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы.” (2010);
  • «Сингапурдың табыс құпиялары» кітабының электронды нұсқасы (2021).

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер