Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақан Ақасұлы Рахметуллин"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:34, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ақан Ақасұлы Рахметуллин (2 ақпан 1967, Алматы) — қазақстандық дипломат және І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Уәкіл.  2022 жылы және 2024—2025 жылдары Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. Оған дейін 2020—2022 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкіл болды.

Өмірбаяны

1967 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келді.

1991 жылы Алматы энергетика институтын тәмамдап еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Консулдық басқармасында референт, атташе болып бастады.

1994—1996 жылдары Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы;

1996—1999 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Бас консулдық басқармасында үшінші, екінші хатшы болды.

1999 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын аяқтап, Алматыға келіп 2002 жылға дейін Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінде екінші, бірінші хатшы, кеңесші;

2002—2004 жылдары Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Өкілдігінде бірінші хатшы;

2002—2004 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратындағы халықаралық гуманитарлық-экономикалық ынтымақтастық департаментінде кеңесші, департамент директорының орынбасары болып еңбектенді.

Рахметуллин бұдан кейін жоғары дипломатиялық лауазымдарға тағайындалды.

2007—2011 жылдары Қазақстанның Вена қаласындағы ЕҚЫҰ-ның Тұрақты Өкілдігінде кеңесші-елші, тұрақты өкілдің орынбасары;

2011 жылы Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары;

2015—2019 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры болды.

2019 жылғы маусымда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2021 жылы лауазымынан босатылып, Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылы лауазымынан босатылып, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Лауазымында 6 ай болып, 2022 жылғы қазанда лауазымынан босатылып, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2024 жылғы мамырда Қазақстан Президентінің өкімімен лауазымынан босатылып, екінші мәрте Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2025 жылғы 13 қазанда Қазақстан Президентінің бұйрығымен лауазымынан босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жеке өмірі

Үйленген және 4 баласы бар. Қазақ, орыс, ағылшын және урду тілдерін меңгерген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары және атақтары

2022 жылғы қазанда сол кездегі Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Құрмет орденімен марапаттады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталған және І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер