Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жолбаян"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (±Санат:Маңғыстау облысы→Санат:Маңғыстау облысы географиясы; ±Санат:Құдықтар→Санат:Қазақстан құдықтары (HotCat құралыны...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жолбаян– Солтүстік Үстірттегі Уәліден шығысқа қарай 16 км жердегі сортаңды жазықтағы құдықтар. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Кезінде құдықтар саны 10-нан астам болған. Тереңдігі 7 – 10 құлаш (7 сажын) аралығында. Бәрі дерлік таспен шегенделген. Кейбірінің аузы, тас ақыры сақталған. 1850 жылы Жолбаян бір мезгілде 1 мың жылқы, 600 түйені суаратын қуатты су көзі саналған. Құдықтар қазір де қолданыста.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>