Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Николай Николаевич Жоров"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Николай Николаевич Жоров (1961 жылы 16 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев атындағы ауданының Екатериновка ауылы) - журналист.
Әкесі - Жоров Николай Никифорович. Анасы - Жорова Федосия Константиновна.
Омбы ауылшаруашылық институтын (1988) ғалым-агроном мамандығы бойынша; Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының журналистика факультетін (1992) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.
1978 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенск ауданының «Бастомар» кеңшарында механизатор.
1979 жылдан - Солтүстік Қазақстан техникумының оқушысы.
1982 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенск мемлекеттік сұрыптау учаскесінің агрономы.
1983 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы «Возвышенский» кеңшарының бөлімше басқарушысы. 1984 жылдан - «За коммунизм» аудандық газетінің тілшісі.
1986 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенск аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы; Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенск ауданы Сейфуллин ауылдық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы.
1990-1992 жылдары - Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты)
1991-2001 жылдары - «Казахстанская правда» газетінің тілшісі, редакторының орынбасары, директоры.
1994-1996 жылдары - «Казахстанская правда» газетінің қосымшасы - «Казахстанские новости» газетінің редакторы. 2001-2009 жылдары - «Аргументы и факты Казахстан» газетінің тілшілік пункт меңгерушісі, бас редакторының орынбасары. 2006-2007 жылдары - «Жайық пресс» ЖШС бас директоры (Орал қаласы).
2009 жылдан бері - «Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы.
Үйленген. Жұбайы - Жорова Надежда Леонидовмм, процессинг орталығының маманы. Ұлы - Николай (1983 жылы туған); қызы - Юлия (1988 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>