Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Майа Яаковна Сепп"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Infobox Biography Майа Яаковна Сепп 1985 жылы 22 сәуірде Эстонияның Таллин қаласында туған. Эстон.
Әкесі - Сепп Яак Раймондович, скрипкашы, Миккели қаласының (Финляндия) филармониялық симфониялық оркестрінің әртісі. Анасы - Қадырбекова Гүлжәмиля Ихсанқызы, пианист, ҚР Халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Верчелли қаласындағы (Италия) Виотти атындағы Халықаралық пианистер байқауындағы бірінші абсолюттік сыйлықтың лауреаты.
П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультеті профессор А. Мндоянцтың классын үздік бітірген (2008), концерттік орындаушы, педагог; қазіргі уақытта Карлсруэ Жоғары музыка мектебінің магистратурасында профессор Калле Рандалудың сыныбында оқуда (Германия).
Орыс, қазақ, ағылшын және неміс тілдерін біледі. «Ле Муза» халықаралық пианистер байқауындағы үшінші сыйлықтың (Неаполь қаласы, Италия, 1999), ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Білім беру қорының патронажымен өткізілген «Үміттер шоқжұлдызы» байқауының (2002) лауреаты. Бетховен атындағы байқаудың аясындағы үшінші Халықаралық пианистер байқауындағы Гран-придің иегері (Вена қ., Австрия, 2009).
Зальцбург қаласындағы В.А. Моцарт атындағы (Австрия), Лейпциг қаласындағы И.С. Бах атындағы (Германия), Юрмала (Латвия), Таллин (Эстония), Карлсруэ (Германия) қалаларындағы халықаралық конкурстардың қатысушысы, жеңімпазы.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі -жүзу, би, әдебиет, кескіндеме, сән.
Сүйіп оқитын әдебиеті - Ф. Шиллер, А. Куприн, О. Генри, Э.-М. Ремарк, Э. Хэмингуэй, Т. Әбдіков.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>