Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов"
(отбасы) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлы<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref> (25.9.1957 ж.т., Алматы қала) – технология ғылым докторы (1993), профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғыл. (1996), Халықаралық (2002) және ҚР (2002) Инж. академияларының акад. Мәскеу құрылыс-инженерлері институтын (1979) және Орт. құрылыс конструкциялары ғылым-зертеушы институтының аспирантурасын (1983) бітірген.
Алматы архитектура-құрылыс институтында ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1983–95, қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы), ҚР Үкіметі аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары (1995–97), Қазақстан–Америка университетінің президенті (1997–2000) болып жұмыс істеді. 2000 жылдан Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының ректоры қызметін атқарады. «Дискретно-континуальные модели диссипативных систем динамики и сейсмостойкости» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. 40-тан астам ғылым жарияланымның, оның ішінде 2 кітаптың (телавт.) авторы.
Отбасы
Әкесі – лингвист Айдарбек Нұрымұлы Құсайынов. Анасы – лингвистика ғылымдарының кандидаты, профессор Ғазиза Қасқайқызы Құсайынова.
Жұбайы – Қырмызы Әйткенқызы Құсайынова, биология ғылымдарының кандидаты.
Ұлы – Айғазы Әмірланұлы Құсайынов, қазақстандық кәсіпкер, Verum Group және Charterhouse Kazakhstan компанияларының негізін қалаушысы, «Халықаралық білім беру корпорациясының» бақылау кеңесінің төрағасы.
Дереккөздер</span>
<references/>