Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарағали"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(±Санат:Қазақстан табиғаты→Санат:Қазақстан құмдары; ±Санат:Алқаптар→Санат:Бөкей ордасы ауданы географиясы (HotCat құралы...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Қарағали – Мешітқұм құмының оңтүстік-шығысындағы құмды алқап. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылының оңтүстік-шығысында 31 км жерде орналасқан.
Теңіз деңгейінен 11 м биіктікте жатыр. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 5 – 6 км шамасында. Қырқалы құм төбелер бойында Сырға, т.б. қыстаулар бар. Құмның ойысты-сайлы жерлері мен етектерінде тұщы грунт судың тереңд. 2 м. Ортаңғы және жоғарғы төрттік кезеңі мен неоген жыныстарынан түзілген. Бозғылт қоңыр, сортаң топырақ жамылғысында еркек шөп, жүзгін, қияқ, құмаршық, ойыстау жерлерінде жыңғыл, қандыағаш, т.б. бұталар өседі.<ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>