Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақтерек (қорымдар)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
(→‎Петроглифтері)
Жол нөмірі 1: Жол нөмірі 1:
−
'''Ақтерек''' б.з.б. 3-1 ғасырлардан сақталған
+
[[Сурет:Ақтерек. Мифологиялық көрініс.jpg|thumb|right|250px|Ақтеректің кейінгі қола дәуірінде мифологиялық көрініс бейнеленген "алтарь" тасы. Б.А. Железняков түсірген фотосурет.]]
−
обалар. [[Алматы облысы]]ның Жамбыл
+
[[Сурет:Ақтерек. Алтарь тас бетінің көшірме сызбасы.jpg|thumb|right|250px|Ақтерек петроглифтері. "Алтарь" тас бетінің көшірме сызбасы (Б.А. Железняков түсірген көшірме). ]]
−
ауданының Ақтерек кентінің оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан,
+
'''Ақтерек археологиялық ландшафтының петроглифтері''' – [[Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі]]не енген археологиялық ескерткіш.
−
үсті топырақпен, таспен үйілген 87 оба. [[1956]] ж.  
+
−
[[Жетісу археологиялық экспедициясы]] (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген.  
+
−
Бірнеше топпен тізбектеліп салынған обалар диаметрі 8-12 см. Шығыстан батысқа, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері табылды. [[Қабір]] беті ағашпен, таспен жабылған.
+
−
Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құйымшақ сүйектері табылды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтармен байланыста болғанын көрсетеді.
+
  
−
'''Ақтерек''' — орта ғасырлардан сақталған обалар. [[Жамбыл ауданы]] [[Ақтерек ауылы]]ның оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан. Үсті топырақпен, таспен үйілген 90- ға жуық обаны [[1956]] ж. [[Жетісу археологиялық экспедициясы]]  (жетекшісі К.Ақышев) зерттеген. Бірнеше топпен тізбектеліп салынған обалар диаметрі 8-12 м. Шығыстан батысқа, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері шықты. Қабір беті ағашпен, таспен жабылған. Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құйымшақ сүйектері табылды. [[1996]]-[[1997]] ж. зерттеулер барысында Ақтерек маңынан 14-15 ғасырға жататын [[Қазақ хандығы]]ның алғашқы кезеңінің отырықшы қыстақтары және саны 18-ге тарта ескі диірмен орындары анықталды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтарымен байланыста болғанын көрсетеді.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - [[Алматы]]: «Арыс» баспасы, [[2004]]. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>
+
== Орналасқан жері ==
 +
[[Жамбыл ауданы (Алматы облысы)|Жамбыл ауданы]], [[Ақтерек (Алматы облысы)|Ақтерек]] ауылынан оңтүстікке қарай 5 км, [[Алматы]] қаласынан батысқа қарай 130 км, [[Жетіжол]] жотасының солтүстігінде орналасқан.
  
−
==Дереккөздер:==
+
== Ландшафты ==
−
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы
+
Ақтерек Іле өңірінің оңтүстік-батысын Орталық Тянь-Шаньның Шу таулы бөлігімен байланыстыратын шатқал аузында орналасқан. Суы мол және су көзі сарқылмайтын, ағашты, ауа-райы жайлы жер. Қола дәуірінен басталған болмашы миссиялар мен сауда керуендерінің демалатын орны, баспана қызметін атқарғандығы сөзсіз. Алғашқы петроглифтер қола дәуірінің ортасында тас беттеріне салынған. Бұл дәуірдің салт жораларын "Ригведа", "Авеста" әдеби деректері бойынша еске түсіруге болады.<br>
−
* Жетісу. Энциклопедия. - [[Алматы]]: «Арыс» баспасы, [[2004]]. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
+
Ақтерек табиғи-мәдени ландшафтысы 3-4 мыңжылдық бойы дәстүрлі жерді пайдалану үлгісі бола алуы мүмкін. Көркем табиғаты мен байлығы, сондай-ақ ежелгі уақыттағы қолайлы жолдар аясындағы киелі кеңістіктің қалыптасуы да 3-4 мыңжылдықты қамтиды. Ақтерек толық мағынада Қазақстанның киелі жерлер географиясы картасындағы маңызды орынға сәйкес келеді. Петроглифтер, жерлеу-еске алу және тұрғын үй мәдениетінің басқа да ескерткіштерімен бірге ірі кешен, оның ішінде Жетіжол тау жотасы аумағындағы киелі орын болып табылады.
  
−
{{Суретсіз мақала}}
+
== Зерттелуі ==
 +
Ақтерек археологиялық кешені бірнеше ондаған жылдар бойы зерттеліп келеді. Негізінен осы бірегей және маңызды тарихи-мәдени кешеннің құрама бөліктері зерттелуде. Тау бөктеріндегі шатқал аузы жазықтығында орналасқан ерте темір ғасыры мен ежелгі түрік дәуірінің оба қорымдары – жерлеу орындарының саны мен алаңы бойынша айтарлықтай үлкен.<br>
 +
[[1980 жыл|1980]] жылдар аяғында Ақтерек өзені алқабында зерттеу жұмыстарын [[Кемел Ақышұлы Ақышев|К.А. Ақышев]] және Ә.К. Ақышевтің жетекшіліктерімен Жетісу экспедициясы жүргізеді. Сол жылдары Ю.И. Трифонов тау бөктеріндегі ортағасырлық көшпелілер қорымындағы кейбір обаларды қазады. Суреттер салынған жартастар шатқалдың аузы маңында орналасқан болса, А.С. Мирзабаевтың мақаласы оның таулы бөлігіндегі суреттерге арналады. Өте ерекше өңірдің қола дәуірінен қалалық мәдениетіндегі үй-жайға дейінгі әр түрлі дәуірдің тарихи, археологиялық ескерткіштер кешені, ежелгі суландыру жүйесіндегі егін алқабы – Ақтерек ескерткіштер кешенінің толық тізімі емес. XX ғасыр басында В.Д. Городецкий Ақтеректегі Керімбайтөбе бекіністі қонысын анықтайды. [[1956 жыл|1956]] жылы Г.И. Пацевич қаланы зерттеп, жиналған керамикалардың негізінде оны XI-XII ғасырларға мерзімдейді.<br>
  
−
{{wikify}}
+
== Кешен сипаты ==
 +
Кешеннің таулы бөлігін алып жатқан шағын қоныс тар әрі ирелеңді алқаптың жайылма үсті терраса аумағында орналасқан. Айтарлықтай көріністі, киелі деп таңылған және туристер көп келетін кешеннің бір бөлігін петроглифтер құрайды. Орналасуына қарай жергілікті бес топқа бөлінген петроглифтердің негізгі бөлігі үлкен қоныстан жоғары орналасқан. Жартас бетіндегі бейнелер қола дәуірімен, негізінде оның кейінгі кезеңінен орта ғасырларға дейінгі уақытпен мерзімделеді. А.С. Мирзабаев жариялаған мақаланың мәтіні қысқа болуына қарамастан, өз уақытына лайықты деңгейде орындалған материалдың алғашқы басылымы. Петроглифтерді жалпы орналасқан жері бойынша 4 топқа бөліп, 400-ге "жуық" бейнелерді зерттеді.
  
−
[[Санат:Қазақстан тарихы]]
+
=== Петроглифтері ===
−
[[Санат:Тарих]]
+
[[Сурет:Ақтерек. Күн және антропоморфтық бейнелер.jpg|thumb|right|250px|Ақтерек. A-D – "күн-ай басты" бейнелер; E-F – антропоморфты бейнелер. Қола дәуірі (Л. Херманн түсірген көшірме).]]
 +
[[Сурет:Ақтерек шатқалы. Түрік уақытындағы ит бейнесі.jpg|thumb|right|250px|Түрік уақытындағы ит бейнесі (Б.А. Железняков түсірген көшірме).]]
 +
Қазіргі таңға дейін Ақтерек петроглифтерінің орналасқан жерінен 219 тас бетіне қашап салынған негізгі (бүгінде белгілі) 1462 петроглиф анықталды. Сондай-ақ шатқалдың басқа бөліктерінде петроглифтер туралы мәліметтер бар, бірақ олар әзірге толық зерттелмеді.<br>
 +
Бүгінгі күнде белгілі петроглифтердің арасында 84 тас бетіне қашап салынған 354 сурет қола дәуірімен мерзімделеді. 157 тас бетінде орналасқан 1019 бейне ерте темір дәуіріне мерзімделсе, 27 тас бетіндегі 80 петроглиф орта ғасырға, XVIII және ХХ ғасыр басы аралығындағы кезеңге үш тас бетіне түсірілген сегіз сурет жатқызылады. 53 тас беті екі және үш тарихи дәуірдің суреттерін қамтиды, әсіресе бұл қола мен ерте темір дәуірінің петроглифтеріне жатады (43 жағдай).<br>
 +
Терең мағыналы бірегей бейнелер, оның ішінде "күн мен ай басты" суреттер, әр түрлі уақыттардың суреттері салынған ондаған біршама кіші тастар қоршаған, бетінде бұғылар мен аңшылық көріністер бейнеленген алтарлы тас қола дәуіріне жатады. Бұл – антропоморфты қашама суреттер – күн мен басқа жұлдыздар культінен туындаған. Күн мифологиясы қола дәуірінің, шын мәнінде Еуразияның барлық рухани мәдениетін қамтыған. Күн арбалары, жылқылар, қайықтар мен кемелер Еуропаның таңдаулы жартас беттеріне салынған. Ерте темір дәуірінің көптеген петроглифтері, оның ішінде үлкен көлемдегілері негізгі петроглифтер жиынтығынан алыс құзды жерлерге шоғырланған. Осы жерден көне түрік руналық жазуы да табылды. 80 антропоморфты суреттің арасында бірін-бірі атайын деп тұрған екі адамның, садақ және балтамен қаруланған бес адамның шайқасып жатқан бейнесі түсірілген тегіс тас бар. "Күн бастылардың" алты бейнесі анықталған.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7 </ref>
  
 +
=== Обалары ===
 +
Үсті топырақпен, таспен үйілген 90- ға жуық обаны [[1956 жыл|1956]] жылы Жетісу археологиялық экспедициясы  (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. Бірнеше топпен тізбектеліп салынған обалар диаметрі 8-12 м. Шығыстан батысқа, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері шықты. Қабір беті ағашпен, таспен жабылған. Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құйымшақ сүйектері табылды.<br>
 +
[[1996 жыл|1996]]-[[1997 жыл|1997]] жылдардағы зерттеулер барысында Ақтерек маңынан XIV-XV ғасырларға жататын [[Қазақ хандығы]]ның алғашқы кезеңінің отырықшы қыстақтары және саны 18-ге тарта ескі диірмен орындары анықталды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтарымен байланыста болғанын көрсетеді.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - [[Алматы]]: «Арыс» баспасы, [[2004]]. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>
  
−
{{stub}}
+
== Дереккөздер ==
 +
{{дереккөздер}}
 +
 
 +
[[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]]
 +
[[Санат:Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]]
 +
[[Санат:Қазақстан петроглифтері]]

15:52, 2025 ж. наурыздың 18 кезіндегі түзету

Сурет:Ақтерек. Мифологиялық көрініс.jpg
Ақтеректің кейінгі қола дәуірінде мифологиялық көрініс бейнеленген "алтарь" тасы. Б.А. Железняков түсірген фотосурет.
Сурет:Ақтерек. Алтарь тас бетінің көшірме сызбасы.jpg
Ақтерек петроглифтері. "Алтарь" тас бетінің көшірме сызбасы (Б.А. Железняков түсірген көшірме).

Ақтерек археологиялық ландшафтының петроглифтері – Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылынан оңтүстікке қарай 5 км, Алматы қаласынан батысқа қарай 130 км, Жетіжол жотасының солтүстігінде орналасқан.

Ландшафты

Ақтерек Іле өңірінің оңтүстік-батысын Орталық Тянь-Шаньның Шу таулы бөлігімен байланыстыратын шатқал аузында орналасқан. Суы мол және су көзі сарқылмайтын, ағашты, ауа-райы жайлы жер. Қола дәуірінен басталған болмашы миссиялар мен сауда керуендерінің демалатын орны, баспана қызметін атқарғандығы сөзсіз. Алғашқы петроглифтер қола дәуірінің ортасында тас беттеріне салынған. Бұл дәуірдің салт жораларын "Ригведа", "Авеста" әдеби деректері бойынша еске түсіруге болады.
Ақтерек табиғи-мәдени ландшафтысы 3-4 мыңжылдық бойы дәстүрлі жерді пайдалану үлгісі бола алуы мүмкін. Көркем табиғаты мен байлығы, сондай-ақ ежелгі уақыттағы қолайлы жолдар аясындағы киелі кеңістіктің қалыптасуы да 3-4 мыңжылдықты қамтиды. Ақтерек толық мағынада Қазақстанның киелі жерлер географиясы картасындағы маңызды орынға сәйкес келеді. Петроглифтер, жерлеу-еске алу және тұрғын үй мәдениетінің басқа да ескерткіштерімен бірге ірі кешен, оның ішінде Жетіжол тау жотасы аумағындағы киелі орын болып табылады.

Зерттелуі

Ақтерек археологиялық кешені бірнеше ондаған жылдар бойы зерттеліп келеді. Негізінен осы бірегей және маңызды тарихи-мәдени кешеннің құрама бөліктері зерттелуде. Тау бөктеріндегі шатқал аузы жазықтығында орналасқан ерте темір ғасыры мен ежелгі түрік дәуірінің оба қорымдары – жерлеу орындарының саны мен алаңы бойынша айтарлықтай үлкен.
1980 жылдар аяғында Ақтерек өзені алқабында зерттеу жұмыстарын К.А. Ақышев және Ә.К. Ақышевтің жетекшіліктерімен Жетісу экспедициясы жүргізеді. Сол жылдары Ю.И. Трифонов тау бөктеріндегі ортағасырлық көшпелілер қорымындағы кейбір обаларды қазады. Суреттер салынған жартастар шатқалдың аузы маңында орналасқан болса, А.С. Мирзабаевтың мақаласы оның таулы бөлігіндегі суреттерге арналады. Өте ерекше өңірдің қола дәуірінен қалалық мәдениетіндегі үй-жайға дейінгі әр түрлі дәуірдің тарихи, археологиялық ескерткіштер кешені, ежелгі суландыру жүйесіндегі егін алқабы – Ақтерек ескерткіштер кешенінің толық тізімі емес. XX ғасыр басында В.Д. Городецкий Ақтеректегі Керімбайтөбе бекіністі қонысын анықтайды. 1956 жылы Г.И. Пацевич қаланы зерттеп, жиналған керамикалардың негізінде оны XI-XII ғасырларға мерзімдейді.

Кешен сипаты

Кешеннің таулы бөлігін алып жатқан шағын қоныс тар әрі ирелеңді алқаптың жайылма үсті терраса аумағында орналасқан. Айтарлықтай көріністі, киелі деп таңылған және туристер көп келетін кешеннің бір бөлігін петроглифтер құрайды. Орналасуына қарай жергілікті бес топқа бөлінген петроглифтердің негізгі бөлігі үлкен қоныстан жоғары орналасқан. Жартас бетіндегі бейнелер қола дәуірімен, негізінде оның кейінгі кезеңінен орта ғасырларға дейінгі уақытпен мерзімделеді. А.С. Мирзабаев жариялаған мақаланың мәтіні қысқа болуына қарамастан, өз уақытына лайықты деңгейде орындалған материалдың алғашқы басылымы. Петроглифтерді жалпы орналасқан жері бойынша 4 топқа бөліп, 400-ге "жуық" бейнелерді зерттеді.

Петроглифтері

Сурет:Ақтерек. Күн және антропоморфтық бейнелер.jpg
Ақтерек. A-D – "күн-ай басты" бейнелер; E-F – антропоморфты бейнелер. Қола дәуірі (Л. Херманн түсірген көшірме).
Сурет:Ақтерек шатқалы. Түрік уақытындағы ит бейнесі.jpg
Түрік уақытындағы ит бейнесі (Б.А. Железняков түсірген көшірме).

Қазіргі таңға дейін Ақтерек петроглифтерінің орналасқан жерінен 219 тас бетіне қашап салынған негізгі (бүгінде белгілі) 1462 петроглиф анықталды. Сондай-ақ шатқалдың басқа бөліктерінде петроглифтер туралы мәліметтер бар, бірақ олар әзірге толық зерттелмеді.
Бүгінгі күнде белгілі петроглифтердің арасында 84 тас бетіне қашап салынған 354 сурет қола дәуірімен мерзімделеді. 157 тас бетінде орналасқан 1019 бейне ерте темір дәуіріне мерзімделсе, 27 тас бетіндегі 80 петроглиф орта ғасырға, XVIII және ХХ ғасыр басы аралығындағы кезеңге үш тас бетіне түсірілген сегіз сурет жатқызылады. 53 тас беті екі және үш тарихи дәуірдің суреттерін қамтиды, әсіресе бұл қола мен ерте темір дәуірінің петроглифтеріне жатады (43 жағдай).
Терең мағыналы бірегей бейнелер, оның ішінде "күн мен ай басты" суреттер, әр түрлі уақыттардың суреттері салынған ондаған біршама кіші тастар қоршаған, бетінде бұғылар мен аңшылық көріністер бейнеленген алтарлы тас қола дәуіріне жатады. Бұл – антропоморфты қашама суреттер – күн мен басқа жұлдыздар культінен туындаған. Күн мифологиясы қола дәуірінің, шын мәнінде Еуразияның барлық рухани мәдениетін қамтыған. Күн арбалары, жылқылар, қайықтар мен кемелер Еуропаның таңдаулы жартас беттеріне салынған. Ерте темір дәуірінің көптеген петроглифтері, оның ішінде үлкен көлемдегілері негізгі петроглифтер жиынтығынан алыс құзды жерлерге шоғырланған. Осы жерден көне түрік руналық жазуы да табылды. 80 антропоморфты суреттің арасында бірін-бірі атайын деп тұрған екі адамның, садақ және балтамен қаруланған бес адамның шайқасып жатқан бейнесі түсірілген тегіс тас бар. "Күн бастылардың" алты бейнесі анықталған.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7 </ref>

Обалары

Үсті топырақпен, таспен үйілген 90- ға жуық обаны 1956 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. Бірнеше топпен тізбектеліп салынған обалар диаметрі 8-12 м. Шығыстан батысқа, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері шықты. Қабір беті ағашпен, таспен жабылған. Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құйымшақ сүйектері табылды.
1996-1997 жылдардағы зерттеулер барысында Ақтерек маңынан XIV-XV ғасырларға жататын Қазақ хандығының алғашқы кезеңінің отырықшы қыстақтары және саны 18-ге тарта ескі диірмен орындары анықталды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтарымен байланыста болғанын көрсетеді.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер