Ақтерек (қорымдар)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтерек б.з.б. 3-1 ғасырлардан сақталған обалар. Алматы облысының Жамбыл ауданының Ақтерек кентінің оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан, үсті топырақпен, таспен үйілген 87 оба. 1956 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Бірнеше топпен тізбектеліп салынған обалар диаметрі 8-12 см. Шығыстан батысқа, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері табылды. Қабір беті ағашпен, таспен жабылған. Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құйымшақ сүйектері табылды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтармен байланыста болғанын көрсетеді.

Ақтерек — орта ғасырлардан сақталған обалар. Жамбыл ауданы Ақтерек ауылының оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан. Үсті топырақпен, таспен үйілген 90- ға жуық обаны 1956 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеген. Бірнеше топпен тізбектеліп салынған обалар диаметрі 8-12 м. Шығыстан батысқа, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері шықты. Қабір беті ағашпен, таспен жабылған. Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құйымшақ сүйектері табылды. 1996-1997 ж. зерттеулер барысында Ақтерек маңынан 14-15 ғасырға жататын Қазақ хандығының алғашқы кезеңінің отырықшы қыстақтары және саны 18-ге тарта ескі диірмен орындары анықталды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтарымен байланыста болғанын көрсетеді.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер:

  • Қазақ ұлттық энциклопедиясы
  • Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақтерек (қорымдар)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}