Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шойтөбе (көне қала)"
(fix invalid self-closed HTML tags as per Санат:Pages using invalid self-closed HTML tags) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Шойтөбе – ортағасырлық қалашық. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1986 жылы Тарих, археология және этнология институтының экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Жобасы тік бұрышты ескерткіштің ауданы 360×200 м, биіктігі 3 м, солтүстік-батыс бұрышында орналасқан цитадельдің орны сопақша төбе түрінде тұр. Оның диаметрі 200 м, биіктігі 12 м. Қалашықты қоршаған қорғаныс қабырғасы мен оның бойында болған мұнаралардың орындары 1,5 м биіктікте сақталған. Қабырғаның сыртында орналасқан рабаттың (қорған) аумағы 25 га жерді алып жатыр. Қазба кезінде табылған заттар бұл жерде адамдар б.з. алғашқы ғасырынан мекендей бастағанын көрсетеді.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>