Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбділ Мәлік Баб төбесі"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''Әбділ Мәлік Баб Төбесі'''– [[орта ғасырлар]]дан сақталған көне [[бекініс]]-[[қала]] орны. | + | '''Әбділ Мәлік Баб Төбесі'''– [[орта ғасырлар]]дан сақталған көне [[бекініс]]-[[қала]] орны. |
| − | [[ | + | [[Түркістан облысы]] [[Түркістан ауданы]] [[Ташнақ]] қыстағының жанында орналасқан. [[Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы]] 1947 жылы [[Бернштам Александр Натанович|А. Бернштам]] (ОІАЭ), 1950 жылы Е. И. Агеева мен П. И. Пацевич зерттеген. Қаланың қазіргі кездегі көрінісі тік төртбұрышты [[төбе]], солтүстік пен оңтүстік жағы 220 м, ал батыс пен шығыс жағы 180 м, биіктігі 0,5 — 1 м, орталық [[қорған]]ның да жобасы тік төртбұрышты, көлемі 40х60 м, биіктігі 3 м. Топырақ дуалмен қоршалған. Қала орнында қазба жұмысы жүргізілмеген, кейбір [[құрылыс]] қалдықтары сақталған. Үстінен теріп алынған [[Көзе Сауыт|көзе]]лердің жасалу тәсілдеріне және түрлеріне қарап ғалымдар қала 13 — 15 ғасырларда болған деп есептейді. |
== Дереккөздер == | == Дереккөздер == | ||
12:58, 2019 ж. ақпанның 20 кезіндегі түзету
Әбділ Мәлік Баб Төбесі– орта ғасырлардан сақталған көне бекініс-қала орны.
Түркістан облысы Түркістан ауданы Ташнақ қыстағының жанында орналасқан. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 1947 жылы А. Бернштам (ОІАЭ), 1950 жылы Е. И. Агеева мен П. И. Пацевич зерттеген. Қаланың қазіргі кездегі көрінісі тік төртбұрышты төбе, солтүстік пен оңтүстік жағы 220 м, ал батыс пен шығыс жағы 180 м, биіктігі 0,5 — 1 м, орталық қорғанның да жобасы тік төртбұрышты, көлемі 40х60 м, биіктігі 3 м. Топырақ дуалмен қоршалған. Қала орнында қазба жұмысы жүргізілмеген, кейбір құрылыс қалдықтары сақталған. Үстінен теріп алынған көзелердің жасалу тәсілдеріне және түрлеріне қарап ғалымдар қала 13 — 15 ғасырларда болған деп есептейді.