Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Өмірзақ Қарғабаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(+ 4 санат; ± 2 санат (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:07, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Өмірзақ Қарғабаев (1866, қазіргі Жамбыл ауданы, — 1951, Жамбыл ауданы) — ақын, жыршы.
Әкесі Қарғабай да, шешесі Бақырқыз да өлеңші, өнерпаз болған. Қарғабаев жас кезінен ас-тойдың, жиын-тамашаның мақтаулы жыршысы болды.
- 1912 ж. қырғыз манабы Шәбденге берілген асқа Жамбылмен бірге барып, жаршы-жыршы ретінде көзге түсті.
- 1925 ж. Қазақстанның 5 жылдық тойына "Жаңа Түркістан" дастанын шығарды.
- "Өмірзақ ақын мен болам" дастанында ел өміріндегі әлеум.-саяси жағдайды салыстыра жырлаған.
- Жамбылға арнап "Тарланым 401 келді бөйгеден" атты ұзақ толғау шығарды.
Қарғабаевтан мол әдеби мұра қалды. Ә.Диваев оның аузынан өзінің жеке шығармаларын және халық аузындағы айтыс, дастан-жырларды жазып алды. Оның бірсыпыра өлеңдері 1940 ж. Москвада "Песни степей" ("Дала жырлары") жинағында басылды. Қарғабаевтың шығармалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>