Өмірзақ Қарғабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өмірзақ Қарғабаев (1866, қазіргі Жамбыл ауданы, — 1951, Жамбыл ауданы) — ақын, жыршы.


Әкесі Қарғабай да, шешесі Бақырқыз да өлеңші, өнерпаз болған. Қарғабаев жас кезінен ас-тойдың, жиын-тамашаның мақтаулы жыршысы болды.

  • 1912 ж. қырғыз манабы Шәбденге берілген асқа Жамбылмен бірге барып, жаршы-жыршы ретінде көзге түсті.
  • "Өмірзақ ақын мен болам" дастанында ел өміріндегі әлеум.-саяси жағдайды салыстыра жырлаған.
  • Жамбылға арнап "Тарланым 401 келді бөйгеден" атты ұзақ толғау шығарды.

Қарғабаевтан мол әдеби мұра қалды. Ә.Диваев оның аузынан өзінің жеке шығармаларын және халық аузындағы айтыс, дастан-жырларды жазып алды. Оның бірсыпыра өлеңдері 1940 ж. Москвада "Песни степей" ("Дала жырлары") жинағында басылды. Қарғабаевтың шығармалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}