Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұхаммед Садық Қашқари"
ш (1 түзету) |
(Rescuing 0 sources and tagging 1 as dead.) #IABot (v2.0.8.5) |
||
| Жол нөмірі 8: | Жол нөмірі 8: | ||
* [[Моғолстан]] | * [[Моғолстан]] | ||
==Сыртқы сілтемелер== | ==Сыртқы сілтемелер== | ||
| − | [http://refa.kz/load/tegin_azasha_referattar/azastan_tarikhy/ikh_khiii_basy_araly_ynda_y_otyrar/10-1-0-1628 ІХ ғ. - ХІІІ ғ. басы аралығындағы Отырар] | + | [http://refa.kz/load/tegin_azasha_referattar/azastan_tarikhy/ikh_khiii_basy_araly_ynda_y_otyrar/10-1-0-1628 ІХ ғ. - ХІІІ ғ. басы аралығындағы Отырар]{{Deadlink|date=January 2022 |bot=InternetArchiveBot |fix-attempted=yes }} |
== Дереккөздер== | == Дереккөздер== | ||
<references/> 1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том. | <references/> 1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том. | ||
23:44, 2022 ж. қаңтардың 5 кезіндегі түзету
Мұхаммед Садық Қашқари
МҰХАММЕД САДЫҚ ҚАШҚАРИ (т.-ө.ж.б.) – ұйғыр ақыны, тарихшы, философ. Мұхаммед Садық Қашқари шығармалары толық сақталмаған. Оның бізге жеткен кітабы “Тәзкира-и Әзізан” (түзетілген нұсқасы “Тәзкира-и ходжаган” “Қожаның ғұмырнамасы”) 1768 – 1769 жылы жазылып біткен. Шығармада Есім ханның Шығыс Түркістандағы іс-қимылдары туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бар. Бұл еңбекте қазақтардың Жоңғария қалмақтарымен қарым-қатынастары, Хақназар ханның Абд әл-Латиф сұлтанды өлтіруі және Моғолстан ханы Абд ар-Рашид ханның қарсы жорығы туралы дерек келтіріледі. Сонымен қатар бұл еңбекте 17 – 18 ғасырлардағы ұйғыр халқының әдебиеті мен тарихы жайында құнды мәліметтер берілген. Шығысты зерттеушілердің назарын аударған бұл еңбектің мазмұны орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аударылды. Ақынның “Садықнаме” (1780) және 19 ғасырдың 1-жартысында жазылған “Зубдәт ул-масаил вәл әкаид”, “Абад ус-Салиһин”, “Тәзкира-и асхаби кәһф” атты еңбектері философия, дін, этика мәселелеріне арналған. Орыс шығыстанушысы Н.С. Лыкошин оның “Абад ус-Салиһин” атты шығармасын орыс тіліне аударып (“Хороший тон на Востоке”, Петроград, 1915), екі рет бастырды. Мұхаммед Садық Қашқари араб тарихшысы Табаридің “Тарих-и Табари” және Мұхаммед Хайдар Дулатидың “Тарих-и Рашиди” атты еңбектерін ұйғыр тіліне аударды.
Сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
ІХ ғ. - ХІІІ ғ. басы аралығындағы ОтырарҮлгі:Deadlink
Дереккөздер
<references/> 1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.