Мұхаммед Садық Қашқари

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхаммед Садық Қашқари

МҰХАММЕД САДЫҚ ҚАШҚАРИ (т.-ө.ж.б.) – ұйғыр ақыны, тарихшы, философ. Мұхаммед Садық Қашқари шығармалары толық сақталмаған. Оның бізге жеткен кітабы “Тәзкира-и Әзізан” (түзетілген нұсқасы “Тәзкира-и ходжаган” “Қожаның ғұмырнамасы”) 1768 – 1769 жылы жазылып біткен. Шығармада Есім ханның Шығыс Түркістандағы іс-қимылдары туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бар. Бұл еңбекте қазақтардың Жоңғария қалмақтарымен қарым-қатынастары, Хақназар ханның Абд әл-Латиф сұлтанды өлтіруі және Моғолстан ханы Абд ар-Рашид ханның қарсы жорығы туралы дерек келтіріледі. Сонымен қатар бұл еңбекте 17 – 18 ғасырлардағы ұйғыр халқының әдебиеті мен тарихы жайында құнды мәліметтер берілген. Шығысты зерттеушілердің назарын аударған бұл еңбектің мазмұны орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аударылды. Ақынның “Садықнаме” (1780) және 19 ғасырдың 1-жартысында жазылған “Зубдәт ул-масаил вәл әкаид”, “Абад ус-Салиһин”, “Тәзкира-и асхаби кәһф” атты еңбектері философия, дін, этика мәселелеріне арналған. Орыс шығыстанушысы Н.С. Лыкошин оның “Абад ус-Салиһин” атты шығармасын орыс тіліне аударып (“Хороший тон на Востоке”, Петроград, 1915), екі рет бастырды. Мұхаммед Садық Қашқари араб тарихшысы Табаридің “Тарих-и Табари” және Мұхаммед Хайдар Дулатидың “Тарих-и Рашиди” атты еңбектерін ұйғыр тіліне аударды.

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

ІХ ғ. - ХІІІ ғ. басы аралығындағы Отырар

Дереккөздер

<references/> 1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхаммед Садық Қашқари|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}