Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Оңғарбаева Дәлила"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Әуезов, Мұхтар Омарханұлы → Әуезов Мұхтар Омарханұлы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Оңғарбаева Дәлила Қарақбайқызы (1906, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Кеңөлке мекені, Томар ауылы - 1932, Ресей, Кемерово қаласы) -актриса, әнші. Ауылда ескіше оқып хат таиыған. Жас кезінен көптеген халық әндерін орындап, өлең де жазған. 1926 - 28 жылдары қазіргі Қазақ академиялық драма театры құрамында алғашқы актрисалардың бірі болып, осы театр сахнасында қойылған спектакльдерге қатысып ойнады: Еңлік, Ақбала (М.Әуезовтің "Еңлік -Кебегі" мен "Қарагөзінде", Бикеш Ж.Шаниннің "Арқалық батырында"), т.б. Отты қызулық пен драмалық бояу молдығымен оның актерлік ойын шеберлігіне тән қасиет. 1927 жылы Мәскеу қаласында өткен этнографиялық концертке қатысты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала