Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Маңғыстау үңгірлері"
ш (1 түзету) |
ш («Тұлғалар» деген санатты аластады; «Қазақстан үңгірлері» деген санатты қосты (HotCat қ) |
||
| Жол нөмірі 8: | Жол нөмірі 8: | ||
{{Суретсіз мақала}} | {{Суретсіз мақала}} | ||
| − | [[Санат: | + | [[Санат:Қазақстан үңгірлері]] |
{{Stub}} | {{Stub}} | ||
01:31, 2021 ж. қаңтардың 30 кезіндегі түзету
Маңғыстау үңгірлері – Маңғыстау өңірінде карстабразия (тау жыныстарының суда еруі, толқын шаюы) құбылыстарының әсерінен және адам әрекетінен пайда болған үңгірлерлер тобы. Карсты-абразиялы үңгірлер мамандардың есептеуінше Маңғыстау үстіртінің Каспий теңізіне құлама тік жарларының төменгі, кейде жоғарғы бөлігінде бір не екі қабат болып, неогеннің әктастары арасында қалыптасқан. Үңгірлердің орташа ұзындығы 10 – 50 м, ені 2 – 20 м, биіктігі 2 – 10 м шамасында. Ең ірілері: Ақшұңқыр, Аралды ауылдары және Борлы, Жыланды мүйістері төңірегінде кездеседі. Карст үңгірлер жоғарғы бор дәуірінің тектоникалық жарылыстарындағы тығыз әктас қабатынан ұшырасады. Сарытас ауылының оңтүстік-шығысында Түпқараған түбегінде ұзынша келген 3 үңгір бар. Оның үлкені – Үшауыз (ұзындығы 20 м). Мұндай ірі үңгірлер Үстірттің кемерлерінде де, эрозиялы-карст жыралар беткейінде де кездеседі. Мысалы, Үстірттің оңтүстік бөлігіндегі Балаұйық үңгірінің ұзындығы 40 – 80 м, ені 4 – 6 м, биіктігі 6 – 8 м, кіреберіс аузы 7 м тереңдікте жатыр. Ал, Сұлтан епе, Шақпақ ата, Шопан ата, т.б. үңгірлері адам әрекетінің нәтижесінде пайда болған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>