Маңғыстау үңгірлері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маңғыстау үңгірлеріМаңғыстау өңірінде карстабразия (тау жыныстарының суда еруі, толқын шаюы) құбылыстарының әсерінен және адам әрекетінен пайда болған үңгірлерлер тобы. Карсты-абразиялы үңгірлер мамандардың есептеуінше Маңғыстау үстіртінің Каспий теңізіне құлама тік жарларының төменгі, кейде жоғарғы бөлігінде бір не екі қабат болып, неогеннің әктастары арасында қалыптасқан. Үңгірлердің орташа ұзындығы 10 – 50 м, ені 2 – 20 м, биіктігі 2 – 10 м шамасында. Ең ірілері: Ақшұңқыр, Аралды ауылдары және Борлы, Жыланды мүйістері төңірегінде кездеседі. Карст үңгірлер жоғарғы бор дәуірінің тектоникалық жарылыстарындағы тығыз әктас қабатынан ұшырасады. Сарытас ауылының оңтүстік-шығысында Түпқараған түбегінде ұзынша келген 3 үңгір бар. Оның үлкені – Үшауыз (ұзындығы 20 м). Мұндай ірі үңгірлер Үстірттің кемерлерінде де, эрозиялы-карст жыралар беткейінде де кездеседі. Мысалы, Үстірттің оңтүстік бөлігіндегі Балаұйық үңгірінің ұзындығы 40 – 80 м, ені 4 – 6 м, биіктігі 6 – 8 м, кіреберіс аузы 7 м тереңдікте жатыр. Ал, Сұлтан епе, Шақпақ ата, Шопан ата, т.б. үңгірлері адам әрекетінің нәтижесінде пайда болған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маңғыстау үңгірлері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}