Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақстан Халық Емшілерінің Қауымдастығы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақ энциклопедиясы, 5 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ энци using [[Project:AWB|AWB]])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Республикалық қоғамдық бірлестік,дербес, ерікті қоғамдық ұйым. 1991 жылы ҚР халық емшілері мен мемлекет және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің 1-құрылтайында Алматы қаласында құрылған. 1992 жылы ҚР Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Қауымдастықтың құрамында 12 облыс және 5 қалалық бөлімше, 5 мыңнан астам мүше бар (2003). Қауымдастыққа емші, балгер, бақсы, жұлдызшы, шөппен емдеуші, т.б. мүше болып кіреді. Қауымдастықтың мақсаты: халықтық медицинаның күші мен қуатының нығаюына үлес қосу; қауымдастықтың құрамына бойларында киелі қасиеті бар дарынды адамдарды тарту; рухани-ағартушылық, емдік-сауықтыру, ғыл.-ағартушылық, мәдени-ағартушылық орталықтарын ұйымдастыруға ықпал ету; табиғи дарынды адамдардың және табиғи құпиялардың ғарышпен байланысын зерттеуге және оқып үйренуге ықпал ету; қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.Қазақстан халық емшілерінң қаумдастығы жанынан ашылған “Емшілер мектебінде” қауымдастықтың 1 мыңнан астам мүшесі діни-рухани және ем саласы бойынша білім алады. 1992 жылдан “Халық емі”, ал 2002 жылдан “Шипагерлік баян” газеттері шығарылып тұрады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

[1]

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub