Қазақстан Халық Емшілерінің Қауымдастығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Республикалық қоғамдық бірлестік,дербес, ерікті қоғамдық ұйым. 1991 жылы ҚР халық емшілері мен мемлекет және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің 1-құрылтайында Алматы қаласында құрылған. 1992 жылы ҚР Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Қауымдастықтың құрамында 12 облыс және 5 қалалық бөлімше, 5 мыңнан астам мүше бар (2003). Қауымдастыққа емші, балгер, бақсы, жұлдызшы, шөппен емдеуші, т.б. мүше болып кіреді. Қауымдастықтың мақсаты: халықтық медицинаның күші мен қуатының нығаюына үлес қосу; қауымдастықтың құрамына бойларында киелі қасиеті бар дарынды адамдарды тарту; рухани-ағартушылық, емдік-сауықтыру, ғыл.-ағартушылық, мәдени-ағартушылық орталықтарын ұйымдастыруға ықпал ету; табиғи дарынды адамдардың және табиғи құпиялардың ғарышпен байланысын зерттеуге және оқып үйренуге ықпал ету; қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.Қазақстан халық емшілерінң қаумдастығы жанынан ашылған “Емшілер мектебінде” қауымдастықтың 1 мыңнан астам мүшесі діни-рухани және ем саласы бойынша білім алады. 1992 жылдан “Халық емі”, ал 2002 жылдан “Шипагерлік баян” газеттері шығарылып тұрады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

[1]

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан Халық Емшілерінің Қауымдастығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}