Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаров"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаров (15 қыркүйек 1958, Қызылту, Алматы облысы – 19 маусым 2003, Астана) — кеңестік және қазақстандық әскери қайраткер, генерал-лейтенант.

Өмірбаяны

Сапаров Свердловск Суворов училищесін (1973), Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1979), Мәскеу әскери академиясын (1988), РФ ҚК Бас штабының әскери академиясын (1997) бітірген. Ол 1979–1983 жылдары Забайкалье әскери округінде взвод, рота командирі, 1983–1985 жылдары Орталық әскерлер тобында мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары, 1988–1991 жылдары Сапаров Орта Азия әскери округінде мотоатқыштар батальонының командирі. 1991–1993 жылдары ол Түркістан әскери округінде мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары, полк командирі, 1993–1995 жылдары ҚР ҚК Бас штабының аға офицері болды.

1997–1998 жылдары Сапаров ҚР ҚК Бас штабы департаменті бастығының орынбасары, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының кеңесшісі, бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, 1998–2001 жылдары ҚР ҚК Бас штабының бастығы — республика ҚК-нің жалпы қолданыстағы күштер қолбасшысының 1-орынбасары болды. 2001 жылдан өмірінің ақырына дейін ол ҚР ҚК Бас штабының бастығы — ҚР Қорғаныс министрінің 1-орынбасары қызметін атқарды. 2-дәрежелі Даңқ орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub