Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Клара Жолбарысқызы Шертаева"
ш (1 түзету) |
ш («Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы тұлғалары» деген санатты қосты ([[УП:HOTCA) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
14:57, 2026 ж. мамырдың 28 кезіндегі түзету
Үлгі:Ғалым Клара Жолбарысқызы Шертаева — фармация ғылымының докторы (2005), профессор (2007).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1960 жылы 28 ақпанда қазіргі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Шіркін ауылында туған.
Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент бөлімшесін (1985), I-Мәскеу мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын (1992) бітірген.
1985-88 жылдары Тараз қаласындағы облыстық дәріханада провизор-инспектор, 1992-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 2007 жылдан кафедра профессоры.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – фармацевтикалық нарықта аумақтық маркетингтік зерттеулер.
"Қазақстан Республикасында халықтың науқастану топтамаларының әлеуметтік кепілдік әдісімен тегін дәрі-дәрмектермен қамтуда ұйымдастыру-құқықтық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқу құралы, 1 оқулық, 1 әдістемелік нұсқаудың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісінің үздігі медалі" (2017).