Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Серіккүл Көпешбайқызы Сәтенова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ()
ш (1 түзету)
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 3 түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Үлгі:Ғалым Серіккүл Көпешбайқызы Сәтенова — филология ғылымының докторы, профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1959 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған.

Қызылорда педагогикалық институтын (1982, қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті), Тіл білімі институтының аспирантурасын (1989) және докторантурасын (1997) бітірген.
1982-84, 1990-94 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1998-2005 жылдары қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі, декан, 2005-09 жылдары Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды. 2009 жылдан кафедра меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – фразеология, салғастырмалы тіл білімі, этнолингвистика, лингвомәдениеттану.
"Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
80-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 3 оқулық, оқу құралы мен әдістемелік құралдың авторы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер