Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Закира Әмірқызы Керімбаева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

16:06, 2026 ж. мамырдың 6 кезіндегі түзету

Үлгі:Ғалым Закира Әмірқызы Керімбаева — медицина ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1962 жылы 21 тамызда қазіргі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында туған.

Целиноград мемлекеттік медицина иститутын (қазіргі Астана медицина университеті) бітірген (1986). 1986-94 жылдары Шымкент қалалық №2 балалар аурухаасы емханасында дəрігер-педиатр, 1994-99 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы) ассистент, 1999-2011 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2011 жылдан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының доценті.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Медико-социальные аспекты использования фармоэпидемиологических и фармоэкономических исследований для обоснования интегрированной модели первичной и вторичной профилактики артериальной гипертензии" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты: медициналық-əлеуметтік мəселелер.
100-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 2 оқу-əдістемелік құралдың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер