Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлмира Күмісқалиқызы Жаңабекова"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Гүлмира Күмісқалиқызы Жаңабекова — биология ғылымының докторы (2010), доцент (2008).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1967 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.
Алматы зоотехникалық малдəрігерлік институтын (1990, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) жəне аспирантурасын (1996) бітірген. Қазақстан ҒА Эксперименттік биологиялық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1996-2002), 2002 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде аға оқытушы, 2008 жылдан кафедра доценті.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты макро- жəне микроморфология саласын зерттеуге арналған.
3 инновациялық патенттердің авторы.
"Биохимические и иммунологические показатели крови крупного рогатого скота, иммунизированных разными вакцинами против сальмонеллеза (моно-, би-, поливалентными)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
80-нен аса ғылыми мақалалар мен оқу-əдістемелік оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Марапаттары
- Қазақ ұлттық аграрлық университетінің "Құрмет грамоталары" (2005; 2007);
- "Үздік оқутышы" (2008), "Қоғамдық белсенділігі үшін" (2011) төсбелгілері;
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Құрмет грамотасы" (2011).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>