Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Григорий Абрамович Уманов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Rescuing 0 sources and tagging 1 as dead.) #IABot (v2.0.9.5)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:17, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Григорий Абрамович Уманов (27.5.1931 жыл, Мәскеу қ.) – педагогика ғылымдарының докторы (1970), профессор (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1987), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері. КСРО Денсаулық сақтау ісі мен Қазақ КСР-і Білім беру ісінің үздігі.

Өмірбаяны

  • ҚазМУ-дың тарих факультетін (1954, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң Алматы қаласындағы медицина училищесінде оқытушы (1954–59)
  • Қазақ КСР-і ІІМ еңбек колониясы арнаулы мектебінің директоры (1959–65)
  • ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) аға оқытушы, доцент, профессор (1965–75), кафедра меңгерушісі (1975–97); 1997 жылдан осы университетте профессор қызметін атқарды.

Еңбектері

  • «История создания и тенденции развития профессионально-технического образования в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Умановтың ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – жоғары оқу орындары мен мектептерде тәрбие процесінің теориясы және әдістемесі, жасөспірімдердің еңбек тәрбиесі, кәсіптік бағыт беру мен қоғамдық белсенділікті қалыптастыру мәселелері. 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама Үлгі:Суретсіз мақала