Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рахметқажы Іскендірұлы Берсімбаев"
ш (→top: clean up, replaced: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті →... using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:17, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбаев (8 наурыз 1947 жылы, Ресей, Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы, Жазатыр ауылында туған) – биология ғылымының докторы (1986 жылы), профессор (1989 жылы), Қазақстан Ғылым Академияның академигі (2003 жылы).
Новосібір мемлекеттік университетін бітірген (1969 жылы). 1975–95 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, декан болды. 1995 жылдан Жалпы генетика және цитология институтының директоры, Еуразия ұлттық университетінің Үлгі:Webarchive проректоры. Берсімбаевтың негізгі ғылыми еңбектері жануарлар мен өсімдіктер геномының функционалдық құбылыстары заңдылығының молекулалық механизмдерін, гендік реттеуіш жүйелерді клеткалық және тіндік деңгейде зерттеуге арналған. Генетикалық тұрақсыздықтың, өсімдіктер генетикасының арнайы мәселелерін зерттеп, ген активтілігінің каскадтық жолмен реттелуін дәлелдеді. Дрозофила шыбынындағы мутацияның генетикалық тұрақсыздығын анықтады. Геномның клеткалық және молекулалық реттелу механизмін зерттеді. 1983–84 жылдары Лондон қаласындағы Ұлттық медицина ғылымы институтында, Ганновердегі медицина ғылыми-зерттеу ортасында (1988 жылы; 1991 жылы); Гейдельбергтегі Еуропалық молекула-биологиялық лабораториясында (1988 жылы) және Астон университетінде (1994 жылы) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. VI-інші және VIII-інші халықаралық генетикалық конгрестерде проблемалық ғылыми баяндамалар жасады (Пекин, 1998 жылы; Сеул, 1999 жылы).<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
Сыртқы сілтемелер
- "Академик Рахметқажы Берсімбай Доха қаласында (Катар) өткен Халықаралық конференцияда баяндама жасады"Үлгі:Deadlink.
- "Академик Рахметқажы Берсімбай екi ай бойы Жапонияның ғылыми орталығы мен оқу орындарында өзінің зерттеулерін ұсынбақ"Үлгі:Deadlink.
- "Рахметқажы Берсімбай: «Университеттерді аккредитациядан өткізу білім сапасын арттыратын басты құрал»"Үлгі:Deadlink.
- "Академик Рахметқажы Берсімбай жоғары импакт-факторлы рейтингті журналдардағы ғылыми жарияланымы үшін сыйақыға ұсынылды"Үлгі:Deadlink.
- "Академик Рахметқажы Берсімбайдың ғылыми зерттеу нәтижелері «Amino Up Chemical Co., LTD» (Жапония) компаниясының қызығушылығын тудырды"Үлгі:Deadlink.
- "Академик Рахметқажы Берсімбайға Жапонияның Ұлттық биомедициналық инновация институтының Осака Құрметті арнайы шақырылған профессоры ат"Үлгі:Deadlink.