Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көке өзені"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Географиялық орны
Көке – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қонысының солтүстік-батысындағы жонды қырқалардан бастау алатын өзен. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 817 км2.
Бастауы
Бастауын Есіл және Мойылды өзендерінің суайрығынан алып, Пятигорское ауылы тұсында Есіл өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғарының ені жоғарғы ағысында 9 км-ден төменгі ағысында 2,5 км-ге дейін тарылады. Жылдық орташа су ағымы 0,4 м3/с. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Өзен жайылымдарды суландыруға және малға суат есебінде пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>