Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дәріғұл Өмірқұлұлы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Дәріғұл Өмірқұлұлы (1908 жыл, Арал ауданы Құмбазар ауылы – 20.4.1956 жыл, Арал ауданы Құмбазар ауылы) – жырау.
Ескіше хат танып, сауатын ашқан. Өнерге жасынан жақын ол домбыра тартып, қисса-дастандарды жаттап өскен. Рахметұлы Сұлтан мен Нұртуғанның шәкірті атанып, кейіннен ақынның туындылары «Мәулімнияз-Едіге», «Қобыланды», «Тағаймұрат» жырларын үйреніп, еркін жырлайтын жырау атанған. 1941 жылы жазықсыз сотталып, 14 жыл Ақтөбе, Магадан қалаларында айдауда болды. Сол жылдары
- «Қошқарбайға»
- «Жеткіншегім»
- «Ауылының көрініп тұр қарасы», т.б. әндерін шығарған.