Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Балқаш маңы жазығы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (+Санат:Алматы облысы географиясы; +Санат:Балқаш; +Санат:Жазықтар (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Балқаш маңы жазығы - - Балқаш көлінің оңтүстік жағында, оңтүстік-шығысында Жоңғар (Жетісу) Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ. Жазықтың құрылысына тән өзіндік ерекшелігі - жекелеген таулы қыраттармен көмкерілген. Балқаш маңы жазығында көптеген құрғақ арналар (Бақанас) кесіп өтетін құмды шөл Тауқұм, Сарыесік атырау құмы және Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр. Балқаш маңы жазығында қырқалар мен бекіген құмды жалдар басым, төбелі құмдар мен сазды-құмды жерлер кәдімгі шағылдармен алмасып отырады.