Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қайыңды (Казталов ауданы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

20:39, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Қайыңды (2000 жылға дейін — Берёзино)<ref>«Мойылды неге менсінбейміз?» - баспасөзге шолу Үлгі:Webarchive</ref> — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Қайыңды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстікке қарай 65 км жерде, Қараөзеннің сол жағалауындағы бетеге, боз және өр түрлі астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды, шалғынды қоңыр және сортаң топырақты далалық белдемде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1478 адам (760 ер адам және 718 әйел адам) болса, 2009 жылы 1120 адамды (554 ер адам және 566 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 880 адамды (451 ер адам және 429 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі 1936 жылы Ленин атындағы қой өсіру кеңшарын құруға байланысты қаланды. 2000 жылға дейін Березин деп аталып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Қайыңдыда және әкімшілік округтегі Ащысай ауылында 20 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Орта және бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары едлі мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Казталов ауданы елді мекендері