Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қамыс сырнай"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Флейта» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Қамыс cырнайқазақтың үрмелі музыкалық аспабы.

Өзегі қуыс қамыс түтігінен жасалған. Қамыс сырнайдың сыбызғыға ұқсамайтын өзіне тән тембрлі үні бар. Ол өз алдына жеке күйге келеді. Жасалуы да, дыбысталуы да күрделі. Түтіктің іші жіңішке шыбықпен тазаланып тұрады. Ұшында ойылған тілшесі болады. Дыбыс қатары ойықтардың үн шығаратын тілшесіне байланысты, құлақ күйлері тілшеге негізделген. Үні гармонь, сырнай саздарына ұқсас, көлемі шағын болғанымен дыбысы ашық келеді.

Қамыс сырнай аспабын қалпына келтірген аспаптанушы Болат Сарыбаев. Бүгінде күйге келтіріп насихаттап жүрген Еділ Құсайынов. Музыкалық аспаптардың қайыстан жасалған түрлері жалпы түркі халықтарына таралған. Қамыс сырнай аспаптарының түрлері Алматыдағы ұлт аспаптар мұражайында сақтаулы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>