Еділ Сейілханұлы Құсайынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Еділ Сейілханұлы Құсайынов (23 наурыз, 1955 жылы Алматыда туған) — композитор, этномузыкант. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (2006). Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Қобыз» кафедрасының оқытушысы.

Толығырақ

  • Еділ Сейілханұлы 1955 жылы 23 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.
  • Әкесі – Сейілхан Құсайынов (композитор, Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі);
  • Анасы – Раушан Нұрпейісова (қобызшы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері);
  • Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының композиторлық факультетін бітірген (1980), композитор, оқытушы.

Шығармашылығы

«Алтай-Тарбағатай өңірінің сыбызғы күйлері» кітабының (2003), түрлі ансамбльдерге, халық және симфониялық оркестрлерге арналған көптеген музыкалық шығармалардың, «Көкбөрі-Күлтегін» 2-актілі балетінің, «Құрақ көрпе», «Келін» кинофильмдері музыкасының авторы. «Ілбіс елі Земля Ирбиса» (Литва, 2007), «Бұлбұл заман» (Лондон қ., 2008) кұйтабақтарын шығарған. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1980 жылдан - «Отырар сазы» этнографиялық оркестрінің әртісі-солисі, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі-солисі. 2000 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. КСРО, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Халықаралық варган (шаңқобыз) ассоциациясының мүшесі.

Жеке қасиеттері

  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Айтыс XV және XXI ғасырлар» атты әнімдегі сөздер: «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер - Бақыт! Байлық! Бостандық! - Бұл Қазаққа бір келер, бір ұрпағы нұр берер, сол Бақытты кім көрер?!»
  • Хоббиі - саяхат.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи хроникалар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Мемлекеттік марапаттары

  • 2006 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері» құрметті белгісімен марапатталды.
  • 2006 жылы елбасының жарлығымен «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапаттталды.
  • 2006 жылы «Жыл адамы – Алтын адам» Ұлттық сыйлығының иегері.
  • 2013 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub