Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Отырар (ауыл)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.9.5)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ОтырарТүркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Қарғалы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Ауыл орталығы – Шәуілдір ауылынан солтүстікке қарай 15 км жерде, ежелгі Отырар қаласының солтүстік-шығысында орналасқан.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref><ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
1366 Үлгі:Құлдырау1354 Үлгі:Өсім1496 110,5 722 Үлгі:Өсім768 106,4 632 Үлгі:Өсім728 115,2

Тарихы

Үлгі:Main Отырардың екі мың жылдық тарихы бар. Мұнда VI-X ғасырда шағын қала болған. Ежелгі Отырар қаласы арқылы өтетін Жібек жолының бір тармағы осы жермен өткен. Қазіргі Отырар ауылының іргесі 1933-1934 жылдары қаланған. Бұрынғы қоныстан Арыс өзенінің батыс жағындағы Көкмардан төбесіне көшірілген. 1945 жылы Отырар ауылы деп аталады. 1931 жылы алғашында қой өсірумен айналысатын "Отырар" ұжымшары құрылды. 1963 жылы Арыс 60 жылдық атындағы мал өсіретін кеңшардың бөлімшесі болды. 1996 жылдан мақта, жүгері, мал азыктық және бақша дақылдарын өсіретін шаруа кожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы және экономикасы

Ауыл маңында "Құланның" құмы атты кен орны орналасқан. Кен орнынан Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларының емдеу орындарына осы жердің балшығы тасылады. Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана, клуб, пошта жұмыс істейді. Ауыл маңында Қоңыртөбе, Мәслихаттөбе, Жалпақтөбе атты ежелгі тарихи-археологиялық орындар қирандысы сақталған. Отырардың шығысынан 2 км жерден ТашкентОрынбор темір жолы өтеді. Отырарда аудан аумағындағы алғашқы бастауыш мектеп 1931 жылы ашылған. Алғашқы директоры - А. Оспанов. 1968 жылдан орта мектеп ретінде оқушыларды қабылдай бастаған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Отырар ауданы елді мекендері