Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Елеусін Қайназарұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (+ 5 санат (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

ЕЛЕУСІН Қайназарұлы (1922, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қашқансу ауылы – 6.1.2004, Алматы) – ішкі істер қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1973). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын ауылдық мектепте мұғалім болып бастаған. 1946 – 1951 ж. Қызылорда облысы партия комитетінде нұсқаушы, Тереңөзек ауданындағы жетім балалар үйінің директоры, Қармақшы ауданында оқу бөлімінің меңгерушісі, облыстық милиция бөлімі бастығының орынбасары, 1951 – 1983 ж. Жамбыл облысы милиция басқармасы бастығының, Алматы милиция мектебі бастығының орынбасары, Алматы қаласы МАИ басқармасының бастығы, Ішкі істер министрінің аппаратында штаб бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1983 – 1992 ж. Алматының жоғары оқу орындарында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болып істеді. КСРО ішкі істер министрінің еңбегі сіңген қызметкері, Ішкі істер министрінің үздігі. 1- 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Үлгі:Stub Үлгі:Wikify