Қашқансу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қашқансу, Қашқынсу – Арал теңізінің шығыс бөлігіндегі шығанақ. Сырдария атырауының оңтүстік жағында, Арал ауданы жерінде. Кезінде (1980 жылдарға дейін) құрлыққа 20 км сұғына кіріп жатқан. Теңізге шығаберісіндегі ені 7 км, ауданы 160 км2, солтүстік-батыс жағасы жарлауытты (5 м) болған. Жағалауында Жуанбалық атты балықшылар ауылы болған. Шығысын Сырдарияның ескі атырауы тілімдеген. Аласа құмды, құмайтты жағалауында қамыс және шөлге төзімді аласа бұталар өскен. Кейіннен Арал теңізі суының тартылуына байланысты Қашқансу өңірі шөл далаға айналған.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қашқансу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}