Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сейітбаттал Маманұлы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сейітбаттал Маманұлы (1862, бұрынғы Қапал уезі, Ақтасты мекені – 2.11.1913, Қарағаш) - қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкерлердің бірі.
Тегі Найман руының Матай тармағындағы Қаптағай (Сары) атасынан шыққан. Атақты Маман байдың бәйбішесінен туған екінші ұл. Ағасы Тұрысбек қажыдан кейін, 1891-1910 жылдар аралығында Арасан болысын басқарып, өмірінің соңына дейін Матай аталығының биі болды. <ref>«Айқап>», 1914 ж. № 1</ref>
Сейітбаттал туралы ағартушы – ғалым Ғ.Мұсағалиев: «...Марқұм жасында әкесі Маман қажыдан енші алып, малмен саудаға кіріскен, өзінің тырысуы арқасында байлығын 150 мың сомға толтырған... Барлық Қапал ауданына қараған 9 болыс Матайдың ақсақалы, 9 болыс елінің алтын қазығы еді. Қарағаш қыстағында 6-7 мың сом жұмсап, мұнаралы мешіт салуды тікелей өзі басқарды. Өзінің інісі Есенқұл «Жаңа типтегі мектеп салайық» дегенде «құп болады» деп батасын берген» деп жазды «Айқап», 1914 ж. № 1.<ref>Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.</ref>