Қарағаш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарағаш (лат. Ulmus) – қарағаштар тұқымдасына жататын көп жылдық жапырақ тастайтын ағаш. Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдемдерінде кездесетін 30-дай (кейбір мәліметтерде 45) түрі белгілі. Қазақстанның далалы жерлерінде, сай-жыраларда, өзен аңғарларында, тау етегіндегі құрғақ қойнауларда өседі. 6 түрінің төртеуі қолдан өсіріледі. Көп тарағаны – жылтыр Қарағаш (U. laevіs). Биіктігі 35 м-дей. Бұтақ шоғыры қалың, жарты шар пішінді, диаметрі 60 – 80 см. Жай жапырақ жүйкелерінің ұшы жапырақ жиектеріне тіреле аяқталады. Бөбешік жапырақтары ерте қурап түсіп қалады. Жапырақтары негізінен жемістері піскеннен кейін жайылады. Топталған гүлдері қос жынысты, жапырағы шықпай тұрып гүлдейді. Гүлсерігі 4 – 8, аталық саны да осындай. Аналығының аузы қостілімді, қанатша тәрізді өсіндімен тұтасып бірігіп кеткен, жемісі піскенде де қанатша сақталады. Жемісі – жиегі жарғақ қанатшамен көмкерілген жаңғақша. 200 – 400 жылдай жасайды. Өте жеңіл болғандықтан жел арқылы алысқа ұшып таралады. Қарағаш – бағалы орман ағашы әрі дәрілік өсімдік. Жапырақтары мен жас бұталарының қабығы емдік мақсатқа пайдаланылады. Халық медицинасында қабығын суға немесе спиртке тұндырып, құлақтан ірің аққанда, жапырағының ұнтағын ішек және бүйрек шаншуларын емдеуге қолданады. Қарағаш – суыққа төзімді ағаш, көбінесе көгалдандыру мақсатында жол жиектеріне отырғызылады. Аңызақ желге тосқауыл болу үшін егістіктердің айналасына, сусымалы құмдар мен сай-жыраларды су шаймас үшін мәдени түрде егеді. Сүрегі ауыр әрі тығыз, шірімейтіндіктен, түрлі үй жиһаздарын жасау үшін, құрылыс материалы ретінде қолданылады. <ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

<references /> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Botanics-stub