Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ауыр қылмыстар"
ш (clean up, replaced: Алматы: Жеті жарғы → Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008. ISBN → 2008 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:30, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Ауыр қылмыстар — мұсылмандық құқықта, қазақтың дәстүрлі құқықтық нормаларында — қоғам тыныштығына, адам өмірі мен денсаулығына, абырой-беделіне нұқсан келтіріп, зардап шектіретін қылмысты іс-әрекеттер, теріс қылықтар.
Оған нақақ қан төгушілік, ғайбат сөйлеушілік, кісі тонаушылық, зинақорлық, діннен безушілік, мемлекетке қарсы шығушылық әрекеттер жатқызылған. Дәстүрлі сот билігінде нақты мән-жайларды ескере отырып, Ауыр қылмыстарға ауыр және жеңіл жаза белгіленген.
Мысалы, қасақана кісі өлтіру мен абайсызда кісі өлтірудің ара-жігін ажыратқан. Қасақана кісі өлтірген адамды азаптап, сүйегін ит пен құсқа жем қылу жазасы көзделген. Зинақорлық та бір адамның отбасының ғана емес, бүкіл ру-тайпаның намысына қол сұғушылық ретінде бағаланған.
Ауыр қылмыс жасаушылардың бәрі өлім жазасына кесілген. Өлім жазасынан тек кәмелетке жасы жетпегендер, ақыл-есі кемдер және екіқабат әйелдер босатылған.
ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық іс-әрекеттер сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстарға бөлінеді. Ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды 5 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айыру және өлім жазасына кесу көзделген.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Заң Үлгі:Wikify