Ауыр қылмыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауыр қылмыстар мұсылмандық құқықта, қазақтың дәстүрлі құқықтық нормаларында — қоғам тыныштығына, адам өмірі мен денсаулығына, абырой-беделіне нұқсан келтіріп, зардап шектіретін қылмысты іс-әрекеттер, теріс қылықтар.

Оған нақақ қан төгушілік, ғайбат сөйлеушілік, кісі тонаушылық, зинақорлық, діннен безушілік, мемлекетке қарсы шығушылық әрекеттер жатқызылған. Дәстүрлі сот билігінде нақты мән-жайларды ескере отырып, Ауыр қылмыстарға ауыр және жеңіл жаза белгіленген.

Мысалы, қасақана кісі өлтіру мен абайсызда кісі өлтірудің ара-жігін ажыратқан. Қасақана кісі өлтірген адамды азаптап, сүйегін ит пен құсқа жем қылу жазасы көзделген. Зинақорлық та бір адамның отбасының ғана емес, бүкіл ру-тайпаның намысына қол сұғушылық ретінде бағаланған.

Ауыр қылмыс жасаушылардың бәрі өлім жазасына кесілген. Өлім жазасынан тек кәмелетке жасы жетпегендер, ақыл-есі кемдер және екіқабат әйелдер босатылған.

ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық іс-әрекеттер сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстарға бөлінеді. Ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды 5 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айыру және өлім жазасына кесу көзделген.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}