Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мақтұм Сейіт Баба"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мақтұм Сейіт Баба (1590 – 1663) – әулие, ислам дінін уағыздаушы, шарапатты кісі. Әзіреті Әлиден тараған Сейіт қожаларының 43-ұрпағы. Мазары қазіргі Сырдария ауданының Шаған агрофирмасының солтүстік батысында, Сырдария өзенінің жағасында. Мақтұм Сейіт Баба кезінде мешіт ұстап, елдің діни сауатын ашқан, ғаріп-қасірлерге қамқоршы болған. Оның ұрпақтарынан Қазан төңкерісіне дейін мешіт ұстаған, имамдық еткен 20-ға жуық ишан шыққан, 3 ұрпағы қажы атанған. Ертеректе салынып тоза бастаған күмбез үйі бабаның 7-ұрпағы Смағұл қожаға берілген аян бойынша 1927 қайта көтерілген. Күмбезді өрген Нұрпейіс ұста.