Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сайлаукүл Жапбарқызы Барахова"
(Cat-a-lot: Қосылуда... Санат:1947 жылы туғандар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Сайлаукүл Жапбарқызы Барахова (16.2.1947 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – ұстаз, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты (1997 – 2002). Түркістан педагогикалық училищесін (1964), Шымкент педагогика институтын (1972), Алматы партия мектебін (1987) бітірген. 1964 – 2004 жылдары Сарыағаш ауданы «Сырдария» орта мектебінде мұғалім, аудандық мектеп бөлімінің меңгерушісі, аудандық, облыстық Жастар одағы комитетінің 2-хатшысы, Қазақстан КП Келес ауданы комитетінің, Шымкент қалалық комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілігінде халыққа білім беру басқармасының бастығы (1992 – 97), әкімнің орынбасары – білім беру департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. 2001 жылдан облыс білім беру департаментінің бастығы. «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Сілтеме
<references />