Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Хасан Тәжиев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Тәжиев Хасан (1931, Атырау облысы Мақат ауданы Байшонас ауылы – 2002) – инженер, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1981). Жетібай, Бозащы кен орындарын алғаш ашушы. Мәскеудегі Губкин атындндағы институтты бітірген (1954). 1954 – 1958 жылдары Құлсары бұрғылау конторында бұрғылаушы, аға инженер, «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде аға инженер, 1959 – 1964 жылдары Түбіжік барлау алаңының бастығы, 1964 – 1974 жылдары Жетібай мұнай-газ барлау экспедициясының бас инженері, бастығы, ММГБ кешенді экспедициясының бас инженері. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>
Дереккөздер
<references/>