Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлбараш Байтоғаева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Нұрлан Рахымжанов Байтоғаева Гүлбараш бетін Гүлбараш Байтоғаева бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Байтоғаева Гүлбараш (1928 жылы туған), педагог, ғалым. ҚазМУ-дың филология факультетін (1949), Ұлттық ғылым академиясының аспирантурасын (1957) бітірген. Филология ғылымының кандидаты (1959), доцент (1963). «Қазақ тіліндегі күрделі анықтауыш сөйлемдер» (1962), «Қазақ және орыс тілдеріндегі күрделі сөйлемдерде салаластырудың сабақтастарға ауысуы» (1968) т.б. ғылыми еңбектері жарық көрді. «Есте жүрген естелік» («Егемен Қазақстан», 29 маусым, 1996), «Ұмытылмас ұшырасулар» (сонда, 24 қыркүйек, 1996), «Жадымда жүрген жаңғырық» (сон¬да, 25 қыркүйек, 1996), «Ұлы ұстаз шапағаты» (сонда, 19 қараша, 1996), «Ұлы ұстазбен ақырғы ұшырасу» (сонда, 10 қыркүйек, 1997), «Мұхаңның мұражайы осылай ашылған» («Жас алаш», 15 наурыз, 1997) т.б. мақалаларында Әуезовтің өмір кезеңдерінен елес беріп, оның теңірегіндегі адамдармен қарым-қатынасы, адамгершілігі, білімпаздығы, жүрегінің кіршіксіз тазалығы сияқты асыл қасиеттері туралы өз пайымдауларын баяңдаған. Байтоғаеваның осындай естеліктері «Біз және біздің замандастар» атты кітабында қайта жарияланды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub