Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қайруллаев Қорғанбек"
ш (1 түзету) |
|
| (2 қатысушының арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Қайруллаев Қорғанбек (25.10.1943 жылы туған, Сырдария ауданы, қазіргі М.Шоқай ауылы) – қызметкер. ҚазМУ-ды (1972), Мәскеудегі қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1961 жылы ұжымшарда механизатор, Қызылорда локомотив депосында слесарь-дизельші, тепловоз машинисінің көмекшісі, 1972 – 75 жылдары Целиноград облысы Қорғалжын ауданы парткомында нұсқаушы, Қызылорда облаткомының заң кеңесшісі, 1975 – 87 жылдары Қызылорда облысы парткомында нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, 1987 – 90 жылдары халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1990 – 96 жылдары облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, облыс әкімінің орынбасары болды. 1996 – 2005 жылдары облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарды. 4 мәрте облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. Медальдармен марапатталған. Үлгі:Суретсіз мақала
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы