Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Білік (Адам қасиеті)"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Адам қасиеті → Санат:Адам қасиеттері) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:57, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Білік — адамның белгілі бір құбылыс не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Білік адам бойында оқудан гөрі, көрген-білгенін көкірекке тоқи білу арқылы қалыптасады. Негізінен, көпті көрген, көкірегі ояу, санасы сәулелі, байыпты жандардың бойында болады. Біліктің екі түрлі сипатын ашып көрсетуге болады. Оның біріншісі — қоршаған орта, әлеуметтік құбылыстардың мәнін түйсікпен, зеректікпен түсіне білу қабілеті де, екіншісі — адамдардың жинақтаған мол тәжірибесін игеру негізінде ой қорыту қасиеті. Бірінші сипат адамның табиғи физиологиялық ерекшелігіне, оған ген арқылы берілетін қасиетке байланысты болса, екінші сипат, Гегель айтқандай, адамзаттың іс-тәжірибелік қызметін игеріп, меңгеруден келіп шығады. Осы екі сипаттың тоғысынан Біліктің жоғары деңгейі — зиялылық, даналық, кемеңгерлік қасиет пайда болады. Біліктің білімнен ерекшелендіріп тұратын басты белгісі — оның ғылыми білімнен тыс форма ретінде де өмір сүретіндігі. Кейде Білік сөзі маманның кәсіби қабілетінің деңгейін көрсететін ұғым ретінде қолданылады; қ. Біліктілік. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер
<references/>