Білік (Адам қасиеті)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Білікадамның белгілі бір құбылыс не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Білік адам бойында оқудан гөрі, көрген-білгенін көкірекке тоқи білу арқылы қалыптасады. Негізінен, көпті көрген, көкірегі ояу, санасы сәулелі, байыпты жандардың бойында болады. Біліктің екі түрлі сипатын ашып көрсетуге болады. Оның біріншісі — қоршаған орта, әлеуметтік құбылыстардың мәнін түйсікпен, зеректікпен түсіне білу қабілеті де, екіншісі — адамдардың жинақтаған мол тәжірибесін игеру негізінде ой қорыту қасиеті. Бірінші сипат адамның табиғи физиологиялық ерекшелігіне, оған ген арқылы берілетін қасиетке байланысты болса, екінші сипат, Гегель айтқандай, адамзаттың іс-тәжірибелік қызметін игеріп, меңгеруден келіп шығады. Осы екі сипаттың тоғысынан Біліктің жоғары деңгейі — зиялылық, даналық, кемеңгерлік қасиет пайда болады. Біліктің білімнен ерекшелендіріп тұратын басты белгісі — оның ғылыми білімнен тыс форма ретінде де өмір сүретіндігі. Кейде Білік сөзі маманның кәсіби қабілетінің деңгейін көрсететін ұғым ретінде қолданылады; қ. Біліктілік. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Білік (Адам қасиеті)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}