Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қызылбас жоңышқа"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мазмұны
Қызылбас жоңышқа- клевер луговой
Қызылбас жоңышқа- көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Сипаты
- Биіктігі жарты метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
- сабағы қысқа,жапырақтары үш-үштен топталып тұрады .
- Төменгі жағындағы жапырақтарының пішіндері жұмыртқаға ұқсас,шеттері майда ара тісті, ал жоғарылары сопақша келген, шеттері бүтін.
- Гүлдері майда, ашық қызыл түсті,өсімдіктің жоғарғы жағынан шар сияқтанып шоғырланып тұрады
Мамыр айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді.
Емдік қасиеті
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің гүлін жоғарғы жағындағы жапырақтарымен қосып жинап алады
- Құрамында С витамині,каротин, эфир майлары, глюкозидтер,трифолин бар.
- Қан азайғанда,дененің қуаты кемігенде және қақырық түсіретін, несеп айдайтын, микробтарды жоятын дәрі ретәнде қолданады .
- Дене сыртыңдағы іріңді жараларға, шиқанға қызылбас жоңышқаның жас жапырағы мен гүлдерін басады.
- Халық арасында қызылбас жоңышқаның кептірілген гүлдерінен жасалған дәрілерді өкпе ауруларын,ревматизмді емдеуге пайдаланады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі
20 грамм өсімдікті гүлімен бірге 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 2-3 қасықтан 3 рет ішеді.