Қызылбас жоңышқа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылбас жоңышқа- клевер луговой

Қызылбас жоңышқа- көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты

  • Биіктігі жарты метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
  • сабағы қысқа,жапырақтары үш-үштен топталып тұрады .
  • Төменгі жағындағы жапырақтарының пішіндері жұмыртқаға ұқсас,шеттері майда ара тісті, ал жоғарылары сопақша келген, шеттері бүтін.
  • Гүлдері майда, ашық қызыл түсті,өсімдіктің жоғарғы жағынан шар сияқтанып шоғырланып тұрады

Мамыр айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді.

Емдік қасиеті

Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің гүлін жоғарғы жағындағы жапырақтарымен қосып жинап алады

  • Құрамында С витамині,каротин, эфир майлары, глюкозидтер,трифолин бар.
  • Қан азайғанда,дененің қуаты кемігенде және қақырық түсіретін, несеп айдайтын, микробтарды жоятын дәрі ретәнде қолданады .
  • Дене сыртыңдағы іріңді жараларға, шиқанға қызылбас жоңышқаның жас жапырағы мен гүлдерін басады.
  • Халық арасында қызылбас жоңышқаның кептірілген гүлдерінен жасалған дәрілерді өкпе ауруларын,ревматизмді емдеуге пайдаланады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

20 грамм өсімдікті гүлімен бірге 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 2-3 қасықтан 3 рет ішеді.