Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Біркелкі биік лақса"
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер, “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас р using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Біркелкі биік лақса (Echіnops fastіgіatus) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Таудың ең төменгі белдеулеріндегі қорымтасты беткейлер мен ашық жерлерде өседі. Қазақстанның оңтүстігінде – Сөгеті өзенінің сағасында, Алмалысайда, Қырғыз Алатауының батыс сілемінде тараған. Биіктігі 15 см, тамырсабағы жуан, сабағы тік, бұтақтанбайды. Жапырақтары қалың сопақша-қандауыр пішінді, жиектері жіңішке тікенекті, тіс тәрізді иректелген. Гүлі көк түсті, ұсақ себетгүлдері шоғырланып, домалақ шоқпарбас гүлшоғырына жиналған. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі – көп қырлы айдаршалы тұқымша, айдаршасы түп жағынан бірігіп кеткен, желмен ұшып таралады. Біркелкі биік лақса – өте улы өсімдік, мал жемейді. Жемісінің құрамында эхинопсин деген улы алкалоид бар. Тұқымының құрамында 28%-ға дейін тез кебетін май бар. Біркелкі биік лақса өте сирек кездесетін, эндемик түр, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер
<references/>